Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
 
  • 23:46 – «Almatybike» жобасының 2 этапы аясында жаңа велобекеттер іске қосылды 
  • 23:20 – Более шести часов проведут в открытом космосе российские космонавты 
  • 23:04 – Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды 
  • 21:53 – Алматыда қала аумағын қазуды қажет етпейтін су құбырын қайта жасаудың жаңа технологиясы пайланылмақ 

Астанада « ЭКСПО-2017» аясында Алматының Мәдени күндері өтпек

Астанада «ЭКСПО-2017» аясында 11-19 маусым аралығында Алматының Мәдени  күндері өтеді,  аталған шараға құрамында эстрада жұлдыздары, қолөнершілер, шығармашылық ұжымдар бар 400-ден астам адам қатысады, деп хабарлайды Kazvesti.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 маусымда «Қазақстан»  ОКЗ-да «Махабатпен, Алматыдан!»  атты концерттік бағдарламамен мәдени күндер ашылады, қазақ эстрадасының жұлдыздары Роза Рымбаева, Қайрат Нұртас, Мәдина Араппаева, Мәдина Сәдуақасова, Айқын, Луина, «Дос-мұқасан», «Рензо», «Аюми», «Кешью», «Жігіттер» топтары,«Сарын» дуэті,  «Салтанат» ансамблі, «Бала дауысы»  балалар байқауының жеңімпаздары және басқалары өнер көрсетеді.

12 -16 маусым аралығында Алматының мемлекеттік қуыршақ театры Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрында  күніне екі рет «Құлыншақ пен Бөлтірік»,«Веселые медвежата»  атты  үздік  спектакльдерін қазақ және орыс тілдерінде ұсынады.

16 - 17 маусым аралығында «Жастар» театрында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының «Асқақтай бер, қазақтың сазды әуені» атты музыкалық кеші өтеді.

11 -19 маусым аралығында «Этно-ауыл Алматы» көрмесі болады, мұнда үздік суретшілер мен қолөнершілер өз туындыларын ұсынып,  шеберлік сыныптарын өткізеді. 17 маусым күні  көрмеге келушілерге «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі концерттік бағдарлама ұсынады.
18 маусымда Халықаралық «Астана ЭКСПО - 2017» арнайы көрмесінің амфитеатырнда мәдени күндердің «Асқар таулы Алматы!» атты қорытынды концерті өтеді, оған  Асылбек Еңсепов, Ерболат Шалдыбеков, Рамазан Стамғазиев, Бейбіт Мусаев, Еділ Құсаинов, Ғазиза Габдахимова, Шолпан Даржанова, Сауле Жұмабай, Азамат Асқаров,  «Ұлытау», «Арт Дала», «Алашұлы» топтары,  «Жетіген», «Сазген сазы», «Салтанат» ансамбльдері,Н. Ашировтың домбырашылары, «Арлан» театры және басқалары қатысады. 
Оставить комментарий
  • Комментируют
  • Сегодня
  • Читаемое
Мы в соцсетях
  • Вконтакте
  • Facebook
  • Instagram