Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
 
  • 23:46 – «Almatybike» жобасының 2 этапы аясында жаңа велобекеттер іске қосылды 
  • 23:20 – Более шести часов проведут в открытом космосе российские космонавты 
  • 23:04 – Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды 
  • 21:53 – Алматыда қала аумағын қазуды қажет етпейтін су құбырын қайта жасаудың жаңа технологиясы пайланылмақ 

Ақтөбеде пайғамбар жасына келген қарияны депутаттың ұлы сабап тастаған

Ақтөбеде 64 жастағы қарияны ұрып, ауруханадан бір-ақ шығарған дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысты түсініктеме берген аудандық білім бөлімінің басшысы әкесінің ауылда сыйлы адам екенін жеткізді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

«Әкесі Мұхамедин Ордабаев білім беру саласы қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы болып жасайды. Ол ұзақ жылдар бойы мектеп директоры болған беделді ұстаз. Осы жағдайға әкеліп отырған сол кісінің баласы. Бұл оқиғаға әкесінің қатысы жоқ.

Кім өзінің баласына «ана ақсақалды ұр» деп айтады? Оған әкесінің айтуының кемі жоқ. Әкесі - абыройлы, беделді азамат. Ол кісі мәслихат депутаты да болды. Әкесі туралы тек жақсы мінездеме беремін», - дейді Мәртөк аудандық білім бөлімінің басшысы Бекболат Сәрсенбаев.

Аудандық білім басқармасы мұғалімнің жағдайына немқұрайлылық танытып отыр. Іш киіммен білім беру орнына келген мұғалімге қатысты аудандық білім бөлімі тарапынан ешқандай тексеріс болмаған. Айтуынша, арызданған мектеп директорының өзі ішкі тексеріс жасаған.

«Дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне қатысты құқық қорғау орындары жұмыс жасап жатыр. Оған қатысты біз ештеңе айта алмаймыз. Осыған дейін ол Еңбек кодексіне байланысты босатылған. Бірақ, сотқа арызданып, қайта қосылды. Ішкі тексерісті мектептің өзі жүргізді. Педагог жұмыстан босатылды, кейін сот шешімімен жұмысқа қайта қосылды. Болды. Бұл осыдан екі жыл бұрын болған нәрсе», - дейді Мәртөк аудандық білім бөлімінің басшысы.

Басы дауға қалған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мектепте бес жылдан аса жұмыс жасаған. Аудандық білім басқармасының басшысы мұғалімнің алдағы уақытта қызметтен қуылатынын айтты.

Оставить комментарий
  • Комментируют
  • Сегодня
  • Читаемое
Мы в соцсетях
  • Вконтакте
  • Facebook
  • Instagram