Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
 
  • 23:46 – «Almatybike» жобасының 2 этапы аясында жаңа велобекеттер іске қосылды 
  • 23:20 – Более шести часов проведут в открытом космосе российские космонавты 
  • 23:04 – Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды 
  • 21:53 – Алматыда қала аумағын қазуды қажет етпейтін су құбырын қайта жасаудың жаңа технологиясы пайланылмақ 

Алматыда жаңа велосипед жолдарының қондырғылары орнатылмақ

Биылғы жылы 250 мың шаршы метр жол сапалы жөнделіп, 97 мың шаршы метр тротуарлар мен 130 бект алаңдары қайта жасалады және жаңартылады. Жол- жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 7 млрд. теңге, соның ішінде ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1 млрд. теңге, тротуарлар мен бекет нүктелерін жөндеуге 500 млн. теңге, орташа жөндеу жұмыстарына 5,5 млрд. теңге бөлінді.

Қазіргі кезде қала жолдарындағы ақауларды анықтаумен және оларды жөндеу жұмыстарымен 20 бригадалары бар төрт мердігерлік ұйым айналысуда.

Алматы қаласының Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлағандай, қалада ұзындығы 31,27 км болатын 12 магистральді және аудандық маңызы бар 23 көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ұзындығы 30,75 км болатын 19 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланды.

Жақын күндері Байтұрсынов көшесі, Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейінгі жол күрделі жөндеуден өтеді. Күрделі жөндеуден өзге бұл учаскеге «Алматы қаласының тұрақты көлігі» бағдарламасы бойынша қаланың велосипед және жүргінші жолы инфрақұрылымын жоспарлау негізінде велосипед жолдарының қондырғылары орнатылады.
Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы елді мекеніне дейін ұзындығы 2,08 болатын аумақ күрделі жөндеуден өтуде. Жобада көлік қозғалысы бөлігін 4 жолаққа дейін кеңейту, «Қарғалы» өзенінің бойындағы көпірді қайта жасау, ұзындығы 2 км болатын веложол мен ұзындығы 4 км болатын тротуарлар салу қарастырылған.

Атап өтерлік жайт, биылғы жылы жалпы құны 574 млн. теңге болатын 14,7 км арық желісін салу, 57 көшеде 42,2 км арық желісін қайта жасау жоспарланған. Сонымен қатар, аудандық әкімдіктерден ұзындығы 500 км болатын 488 көшеге жаңа арық желілер мен жаңбыр канализацияларын салу үшін ЖСҚ жасау жөнінде өтініштер түскен.


Дереккөз: Алматы қаласының ресми интернет-ресурсы
Оставить комментарий
  1. Template not found: /templates/KAZvesti/comments.tpl
  • Комментируют
  • Сегодня
  • Читаемое
Мы в соцсетях
  • Вконтакте
  • Facebook
  • Instagram