Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
 
  • 23:46 – «Almatybike» жобасының 2 этапы аясында жаңа велобекеттер іске қосылды 
  • 23:20 – Более шести часов проведут в открытом космосе российские космонавты 
  • 23:04 – Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды 
  • 21:53 – Алматыда қала аумағын қазуды қажет етпейтін су құбырын қайта жасаудың жаңа технологиясы пайланылмақ 

«Almatybike» жобасының 2 этапы аясында жаңа велобекеттер іске қосылды

2017 жылдың 22 тамызында «Самұрық-Қазына» АҚ мен Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен іске асырылып отырған «Almatybike» әлеуметтік-инновациялық жобасының командасы, жобаның 2 этапы аясындағы жаңа велекеттерді іске қосты, деп хабарлайды Kazvesti.kz.

2017 жылдың 22 тамызынан бастап қала тұрғындары үшін келесі мекенжай бойынша орналасқан 25 велобекет қол жетімді болады:

№70велобекет – Қарасай Батыр көш. – Байзақов көш.

№71 велобекет – Қарасай Батыр көш. – Әуезов көш.

№75 велобекет–Жамбыл көш. – Байзақов көш.

№76 велобекет–Жамбыл көш. – Манас көш.

№79 велобекет–Шевченко көш. –Мұқанов көш.

№80 велобекет- Шевченко көш.– Әуезов көш.

№82 велобекет–Құрманғазы көш. – Шарипов көш.

№83 велобекет–Құрманғазы көш.– Мұқанов көш.

№84 велобекет–ҚазМемЦиркі

№85 велобекет–Абай даңғ. – Байзақов көш.

№87 велобекет–Абай даңғ. – Әуезов көш.

№126 велобекет–Гагарин көш. – Қарасай Батыр көш.

№127 велобекет–Розыбакиев көш. – Қарасай Батыр көш.

№129 велобекет–Жароков көш. – Жамбыл көш.

№141велобекет –Абай даңғ. – Жароков көш.

№142 велобекет–Абай даңғ. – Гагарин көш.

№143 велобекет–Абай даңғ. – Розыбакиев көш.

№144 велобекет–Абай даңғ. – Тұрғыт Озал көш.

№145 велобекет-  Абай даңғ. – Брусиловский көш.

№146 велобекет–Абай даңғ. – Тілендиев көш.

№147 велобекет–Абай даңғ. – Өтеген Батыр көш.

№148 велобекет – Абай даңғ. – Алтынсарин көш.

№149 велобекет –Абай даңғ.Family Parkке қарсы беттегі Kimex дүкені

№150 велобекет – Абай даңғ.– Саин көш.

№63 велобекет –  Сәтпаев көш. – Гагарин көш.

Жоба 3 этап бойынша іске асырылатын болады. Бірінші этап аясында қаланың орталық бөлігінде 270 велосипедке арналған 50 велобекет іске қосылған болатын. Велобекеттердің қамту аумағы 23 шаршы километр.

Жобаның екінші этапы барысында қосымша 150 велобекет орналастырылып, 1460 велосипед сатып алынатын болады. Бұл өз кезегінде қаланың негізгі іскерлік бөлігін қамтуға мүмкіндік береді. Қосымша велобекеттердің этап бойынша іске қосылуы 2017 жылдың шілде-қыркүйегі аралығында жүзеге асырылатын болады. Велобекеттердің қамту аумағы 98 шаршы километр.

Үшінші этапты дамыту аясында, қаланың халық көп шоғырланған аумақтарын қамту үшін қосымша 100 велобекет орналастырылып, 680 велосипед сатып алынады деп жоспарлануда. 2018 жылы Алматы қаласында барлығы 300 велобекетте 2410 велосипед халық үшін қызмет атқаратын болады.

 «Almaty Bike»-тың жетістіктерінің бірі ретінде әлемдегі экоқозғалысты қолдау екені айта кеткен жөн.Веложүйе қызметі барысында қалалық коммуникацияларға қосылуды қажет етпейді, себебі велосипедтерді жалға алу векеттеріне қосылған күн сәулесінен қуат алатын күн батареясынан қуаттандырылады.

Сонымен қатар «Almaty bike» велосипедтері – демалысты өткізуге, жұмыс барысында пайдалануға және демалыс күндерін денсаулыққа пайдалы өткізуге арналған көлік құралы.

 Пайдаланушылар үшін қол жетімді, әрі икемді тарифтік жобалар қарастырылған. Bike Sharing жүйесі пайдалану барысында, алғашқы 30 минут тегін жалға алу мүмкіндігін ұсынады. Яғни, ұсынылған уақыт аумағында велосипедтерді велобекеттерде ауыстыру барысында, велосипедті тәулік бойына тегін пайдалануға болады. Туристерге немесе сирек пайдаланушыларға SMS арқылы велосипедтерді жалға алу мүмкіндігі бар. Пайдалану бойынша нұсқаулық әр велобекет пен әлеуметтік желілердегі барлық ресми парақшаларда орналасқан.
Оставить комментарий
  • Комментируют
  • Сегодня
  • Читаемое
Мы в соцсетях
  • Вконтакте
  • Facebook
  • Instagram