Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
 
  • 23:46 – «Almatybike» жобасының 2 этапы аясында жаңа велобекеттер іске қосылды 
  • 23:20 – Более шести часов проведут в открытом космосе российские космонавты 
  • 23:04 – Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды 
  • 21:53 – Алматыда қала аумағын қазуды қажет етпейтін су құбырын қайта жасаудың жаңа технологиясы пайланылмақ 

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен Әкімов Олжас Азатұлы Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Kazvesti.kz.

Олжас Азатұлы 1980 жылы туған. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «заңгер», «Болашақ» университетін «дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша бітірген. "Болашақ" бағдарламасының стипендианты, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Еңбек жолын 2001 жылы Қармақшы ауданының Төретам кентіндегі №85 орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.

2004-2008 жылдары Кедендік бақылау комитетінің «Байқоңыр» кедендік бөлімшесінде жауапты қызметтер атқарған.

2008-2012 жылдары Байқоңыр қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы.

2012-2014 жылдары Астана қаласындағы «Астана» регби клубы мен «Жігер» спорт клубын басқарған.

2015-2016 жылдары Алматы қаласындағы №17 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры.

 2016 жылдан Алматы қаласындағы «28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекциясы» департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Оставить комментарий
  • Комментируют
  • Сегодня
  • Читаемое
Мы в соцсетях
  • Вконтакте
  • Facebook
  • Instagram