Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
 
  • 23:46 – «Almatybike» жобасының 2 этапы аясында жаңа велобекеттер іске қосылды 
  • 23:20 – Более шести часов проведут в открытом космосе российские космонавты 
  • 23:04 – Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды 
  • 21:53 – Алматыда қала аумағын қазуды қажет етпейтін су құбырын қайта жасаудың жаңа технологиясы пайланылмақ 

Алматыда қала аумағын қазуды қажет етпейтін су құбырын қайта жасаудың жаңа технологиясы пайланылмақ

«Алматы су Холдингі» МҚК биылғы жылдың қыркүйек айында сумен қамту және судан бөлудің белгілі бір учаскелерінде арнайы тексеруден өткен соң қала аумағын қазуды қажет етпейтін су құбырын қайта жасаудың жаңа технологиясы енгізілетінін жарияланды, деп хабарлайды Kazvesti.kz.

Шыны пластикалық қолғаппен  санация  әдісі арқылы құбырларды қайта  қалпына келтіру қолданыстағы су құбырлары мен кәріздерді қайта жасаудың заманауи технологиясы болып табылады.Жаңа технология жерді қазбай-ақ құбырлардың қызметін 50 жылға ұзартып, оның өткізгіштік қабілетін 20%-ға арттырады, бұрынғы әдіспен салыстырғанда  жұмыс процессін 2 есеге (жерді қазу, қайта жабу) қысқартады.

Москва қаласы үкіметі «Мосводсток»ГУП бас директорының орынбасары Владимир Яворский соңғы  2 жыл ішінде аталған әдіс бойынша түрлі диаметрлі 45 км су құбырының қалпына келтірілгенін айтты. «Алматы су Холдингі» өкілдерімен жұмыс барысы кезіндегі кездесуде ол «жаңа технология бойынша жұмыс істеу  тиімді әрі  арзан, оның үстіне Мәскеуде жер асты коммуникацияларының көптігінен қазу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Сондықтан жаңа технология жерді қазбай-ақ ,тұрғындарға ешкедергі келтірмей ықпал етеді. Мұндай жұмыстар бір түннің ішінде атқарылады»-, деді.

Ол қазіргі кезде Мәскеудегі су құбырларының 70%-дан астамы ескі екенін,  бұрын «Мосводосток» жүйесі жылына су құбырының 10%-ын ғана ретке келтірсе, енді жаңа технология арқылы  25-30%-ының жаңарғанын айтты.

 «Алматы су Холдингінің» мәліметі бойынша Алматыда су құбырының  бұл  әдісі судан ажырату желілерінде қолданылған екен. Жаңа технология лайнер арқылы су құбырларын қайта жаңартуға мүмкіндік береді., мұнда ауыз суды қамтамасыз етуде зиянды деп танылған «стирол» (C₈H₈) қолданылмайды.

 Атап өтерлік жайт, биылғы жылы Алматыда  57 км арық желілері, 146 км жол жөнделіп, 97 мың м2 тротуар абаттандырылды, 32 км тжылу жүйесі жаңартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп, былтыр 12 км жылу жүйесі  жаңартылған  еді. Айгерім», «Ұлжан 1,2», «Қарасу», «Ақбұлақ», «Дархан», «Құрылысшы», «Өжет», «Трудовик», «Шаңырақ 1,2», «Алтын Бесік», «Достық»және басқа  ықшам аудандарда 20 мыңнан астам үйге  380 км су және кәріз құбырлары тартылуда.
Оставить комментарий
  • Комментируют
  • Сегодня
  • Читаемое
Мы в соцсетях
  • Вконтакте
  • Facebook
  • Instagram