Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
 
  • 23:46 – «Almatybike» жобасының 2 этапы аясында жаңа велобекеттер іске қосылды 
  • 23:20 – Более шести часов проведут в открытом космосе российские космонавты 
  • 23:04 – Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды 
  • 21:53 – Алматыда қала аумағын қазуды қажет етпейтін су құбырын қайта жасаудың жаңа технологиясы пайланылмақ 

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жаңа нұсқада көрсетілетін болады

Қазіргі уақытта мемлекет Басшысының «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырубойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы тапсырмасын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 84-қадам «Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру»бойынша жұмыстар жүргізілуде, яғни қолданыстағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін әлеуметтік көмек көрсету мекемелері мен көмек алушылар арасында әлеуметтік келісімшарт жасасу арқылы көмек көрсету тетіктерін жетілдіру, деп хабарлайды Kazvesti.kz.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап (2015 жылғы 28 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының 6 тармағына сәйкес) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) жаңа нұсқада көрсетілетін болады, және ол қазіргі таңда көрсетіліп жатқан үш түрлі әлеуметтік көмекті өзіне біріктіреді:

- төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ);

- отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар жәрдемақысы (МБЖ);

- азқамтылған отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек (АӘК).

АӘК жаңа нұсқасы 2 түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмек.

АӘК отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға беріледі.

Шартсыз ақшалай көмекотбасында еңбек етуге қабілетті мүшелері  болмаған кезде немесе отбасының еңбекке жарамды мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатыса алмайтын (мысалы, жеті жасқа дейінгі балаға қарап отырған жалғыз басты аналарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, зейнеткерлерге және т.б.) отбасыларға беріледі. Мұндай отбасыларғажұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуталап етілмейді.

Шартсыз ақшалай көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленеді.

Шартты ақшалай көмек (ШАК) отбасы құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті жұмыссыз мүшесі бар отбасыларға көрсетіледі. ШАК алу үшін отбасының барлық еңбекке қабілетті жұмыссыз мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы міндетті шарт болып табылады.

ШАК тағайындау үшін әлеуметтік келісімшарт жасасу міндетті болып табылады. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт алты айға жасалады және қажет болған жағдайда қосымша алты айға дейінұзарту мүмкіндігі бар.

Отбасының еңбекке қабілетті азаматтарыұсынылған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларынан немесе жұмыстан бас тартқан жағдайда  ШАК мөлшері бірінші кезекте 50 % ға қысқартылады, аталған жағдай екінші рет қайталанса ШАК төлеу тоқтатылады. Алайда, ШАК кәмелет жасқа толмаған отбасы мүшелеріне төлене береді.

Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып тараптарға өзара міндеттемелер жүктеледі: әлеуметтік мекеме -жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын және ШАК көмекті уақытылы төлеуді ұйымдастырады,  ал еңбекке қабілеттіжұмыссыз отбасы мүшелері осы іс-шараларғашын ықыласымен қатысуы тиіс.

Қазіргі уақытта осы аталған әдістер «Өрлеу»пилоттық жобасында қолданылуда.

«Өрлеу» жобасы - жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 60 % төмен отбасыларға егерде еңбекке қабілетті жұмыссыз отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына (кәсіби оқыту, қайта оқыту, тұрақты жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және т.б.)қатысқан жағдайда отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша шартты ақшалай көмек (ШАК) көрсетуді көздейтінмемлекеттік бағдарлама.

2016 жылы аталған жобаға 39 отбасы (184 адам) қатысты.Нәтижесінде 2016 жылы «Өрлеу» жобасына қатысқан  отбасылардың жалпы табысы 3,4 есеге артты (36 149  теңгеден 120 862  теңгеге дейін).

Қазіргі уақытта АӘК жаңа нұсқасынхалыққа түсіндіру мақсатында аулаларды аралап жадынамалар таратылып. сауалнамалар толтырылуда.

Оставить комментарий
  • Комментируют
  • Сегодня
  • Читаемое
Мы в соцсетях
  • Вконтакте
  • Facebook
  • Instagram