Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
 
  • 23:46 – «Almatybike» жобасының 2 этапы аясында жаңа велобекеттер іске қосылды 
  • 23:20 – Более шести часов проведут в открытом космосе российские космонавты 
  • 23:04 – Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды 
  • 21:53 – Алматыда қала аумағын қазуды қажет етпейтін су құбырын қайта жасаудың жаңа технологиясы пайланылмақ 

Алматы қаласында қазақстандық өндірістің мектеп формасын сату маусымы ашылмақ

Оқушыларға арналған қазақстандық өндіріс киімінің маусымдық сатылымы Алматы қаласының «GRAND PARK» сауда ойын-сауық кешенінің аумағында жуық арадағы бейсенбіде ашылады, деп хабарлайды Kazvesti.kz.

Жаңа оқу жылының қарсаңында ұйымдастырылған «Жеңіл өнеркәсіп» секторының жұмысы «Сымбат» сән академиясы, «Ақ Бота», «Ангельхер», «Altex», «Қазлегпром-Алматы» және «ҚазСПО-N» секілді белгілі мектеп формасын өндірушілерінің қатысуымен 10 қыркүйекті қоса алғанға дейін ұзартылады.

Бүгінгі күні, жергілікті тігін тігу кәсіпорындары Алматы қаласының барлық мектептері үшін бірыңғай мектеп формасын дайындап қана қоймай, сонымен қатар жеңілдік жағдайлар ұсыныла отырып, сауда орындарын алады, бұл олардың өнімдерінің көлемін ұлғайтуға және тауарлардың қазақстандық қамтуының үлесін арттыруға ықпал етеді.

Алматы қаласы әкімдігінің бастамашылығымен ұйымдастырылған сауда акциясы сатып алушылардың қол жетімді бағамен сапалы және қауіпсіз мектеп формасына деген сұраныстарын барынша қанағаттандыруға, сондай-ақ отандық өндірушіге көмек көрсетуге орайластырылған.

Оставить комментарий
  • Комментируют
  • Сегодня
  • Читаемое
Мы в соцсетях
  • Вконтакте
  • Facebook
  • Instagram