Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
 
  • 23:46 – «Almatybike» жобасының 2 этапы аясында жаңа велобекеттер іске қосылды 
  • 23:20 – Более шести часов проведут в открытом космосе российские космонавты 
  • 23:04 – Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды 
  • 21:53 – Алматыда қала аумағын қазуды қажет етпейтін су құбырын қайта жасаудың жаңа технологиясы пайланылмақ 

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» АТТЫ КӨРМЕ-БАЙҚАУ ӨТТІ

22 маусым күні Қызылорда қаласында «Қазақстанның үздік тауары» атты өңірлік көрме-байқау болып өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тауар өндірушілер көрмесімен танысты және отандық өнімдерді қолдау үшін бұл байқаудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Kazvesti.kz.

- Қазіргі таңда өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына зор үлесін қосып отырған 5 мыңға жуық шағын және орта бизнес кәсіпорындары және 35 мыңнан астам жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Аталған секторда 100 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған – бұл облыстағы экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі,- деді аймақ басшысы.

2017 жылы байқауға 22 тауар өндіруші қатысты. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымы бойынша 1-орынды «ЭлектроТехнология» ЖШС иеленсе, 2-орын «Полимер Продукт» ЖШС-не бұйырды. Ал, үшінші орынды «МИР 2001» ЖШС жеңіп алды.

«Халыққа арналған үздік тауар» аталымы  бойынша 1-орынды «ДАЛАТЕКС» ЖШС, 2-орынды «Қызылорда зағиптар  қоғамы» оқу-өндірістік коперативі» ЖШС, 3-орынды «ПромКоммерцКА» ЖШС иемденді.  Сонымен қатар, «Үздік азық-түлік тауар» номинациясы бойынша 1-орын «Арал тұз» АҚ-на, 2-орын «Арал» сервистік дайындау орталығы» ЖШС-не,3-орын ЖК «Ермаханов»- қа бұйырды.

Байқау жеңімпаздары «Экспо-2017» халықаралық көрмесі аясында Астана қаласында өтетін республикалық көрме-байқауға жолдама алды.
Оставить комментарий
  • Комментируют
  • Сегодня
  • Читаемое
Мы в соцсетях
  • Вконтакте
  • Facebook
  • Instagram