Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
 
  • 23:46 – «Almatybike» жобасының 2 этапы аясында жаңа велобекеттер іске қосылды 
  • 23:20 – Более шести часов проведут в открытом космосе российские космонавты 
  • 23:04 – Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды 
  • 21:53 – Алматыда қала аумағын қазуды қажет етпейтін су құбырын қайта жасаудың жаңа технологиясы пайланылмақ 

Алматыда ЭКСПО аясында "Ұлы дала рухы" атты этномәдени фестивалі өтпек

Алматыда «ЭКСПО – 2017» көрмесі  аясында Алатау  етегінде 24-25 маусым аралығында «Ұлы дала рухы - Дух великой степи» атты II халықаралық этномәдени фестиваль  өтеді, оған Қазақстанның, Әзірбайжан мен Болгарияның, Венгрияның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдің,  Словакияның, АҚШ-тың Түркияның өкілдері қатысады.

Фестиваль бағдарламасы бойынша кәсіби садақшылар, көкпаршылар, бүркітшілер сайысқа түседі. Келген қонақтар батырлардың күресін, ат үстіндегі  батырлар сайысын, ат үстінде  белдесудің түрлерін тамашалайтын болады.

Шара барысында қонақтарға көңіл көтеретін бағдарламалар, қолөнершілер ауылында шеберлік сыныптары ұсынылады, көрермендер арасында музыка аспаптарында ойнау бойынша байқау ұйымдастырылады. Мұнда келгендердің барлығы қазақ халқының тарихи дәстүрлерімен, әдет- ғұрыптарымен танысып, ұлттық ойындарға қатыса алады.

Фестиваль қонақтары үшін 24 және 25 маусымда Орталық стадион мен «Астана»  алаңынан  сағат 9:00 дан 22:00-ге дейін (әрбір 30 минут сайын) арнайы автобустар ұйымдастырылады. Бір бағыттағы билет құны - 100 тенге. Фестивальға кіру тегін.

Оставить комментарий
  • Комментируют
  • Сегодня
  • Читаемое
Мы в соцсетях
  • Вконтакте
  • Facebook
  • Instagram