Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
 
  • 23:46 – «Almatybike» жобасының 2 этапы аясында жаңа велобекеттер іске қосылды 
  • 23:20 – Более шести часов проведут в открытом космосе российские космонавты 
  • 23:04 – Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды 
  • 21:53 – Алматыда қала аумағын қазуды қажет етпейтін су құбырын қайта жасаудың жаңа технологиясы пайланылмақ 

Қызылорда облысында «Байқоңырда бизнес жасау мүмкін бе?» атты ІІ халықаралық интернет-форум өтті.

19  маусым күні Қызылордада  облыс әкімі Қ.Көшербаевтың,  «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Біржан Қанешевтің және Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының  орынбасары Ольга Когайдың қатысуымен Байқоңыр қаласында кәсіпкерлік пен туризмді дамыту мәселелеріне арналған  «Байқоңырда бизнес жасау мүмкін бе?» атты  ІІ халықаралық интернет-форум өтті, деп хабарлайды Kazvesti.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, онлайн режимде өткен форумға әлемнің 10 елінен: Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Нидерланды, Әзербайжан, Израиль,Түркия, Финляндия, Дания және Қазақстаннан өкілдер қатысты. 

Облыс әкімі интернет-форумды аша отырып,  «жұлдызды қалашықтағы» бизнестің даму перспективалары туралы әңгімеледі.  Сонымен қатар қазіргі таңда Байқоңыр қаласындағы  14 нысанды аймақтың  коммуналдық меншігіне өткізу туралы жұмыстар жүріп жатқанын, ал олардың негізінде  өнеркәсіптік контейнерлер жинау, тұрмыстық және өнеркәсіптік құралдар өндірісі, тоқыма, тамақ өнеркәсібі сияқты өндіріс орындарын ашып, туризмді дамытуға  толық мүмкіндік бар екенін атап өтті. 

-Бұдан бөлек 2023 жылға дейін ҚР туристіксаласын дамыту Тұжырымдамасы аясында «Байқоңыр» туристік-ойын-сауық аймағынқұру жоспарлануда. Бұл аймақта шолу алаңдары, ғарыштық аттракциондар, саудаорталықтары, музей, аквапарк, кинотеатрлар болады. Аталған нысандарды ашу мемлекеттік-жекеменшікәріптестік аясында жүзеге асырылады. Қазір инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде. Біз барлықкәсіпкерлер мен қызығушылық танытқан тұлғаларды осы     іске атсалысуға шақырамыз. Байқоңыр қаласыинвесторларды қабылдап, олар үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын,-деді  Қ.Көшербаев.

Форумға қатысушылар өз кезегінде «Байқоңыр»кешенін дамыту бойынша, мәселен: ақылды технологияларды енгізу, туристер үшіннұсқаулықтар әзірлеу, өнеркәсіпті дамыту сияқты ынтымақтастықтың  перспективті бағыттарын талқылады.
Оставить комментарий
  • Комментируют
  • Сегодня
  • Читаемое
Мы в соцсетях
  • Вконтакте
  • Facebook
  • Instagram